Жарияланды: 230

Қырғызстанда ұзын қазы әзірленіп, қазақтардың рекорды жаңартылмақшы

Қырғызстанда ұзын қазы әзірленіп, қазақтардың рекорды жаңартылмақшы

Бішкекте бүгін, 11 наурыз күні ұзындығы 110 метрлік қазы дайындалады.

Бұл туралы Қазақпарат қырғызстандық knews.kg-ға сілтемежасап хабарлайды. 

Бұған дейін ұлттық тағам шеберлері чучуктың (қазы - авт) ұзындығы 100 метр болады деп жоспарлаған. Осы шараны ұйымдастырушылардың бірі Элнұр Кулуеваның айтуынша, қазыны тағы 10 метрге ұзартудың өзіндік себебі болған. Бұған дейін қазақтың қазы шеберлері 100 метрлік шұжықпен Гиннестің рекордтар кітабына еніп қойған болатын. Енді қырғыз азпаздары өздерінің шұжықтарын 10 метрге асырып дайындамақ. 

«Негізгі күшті асылған жылқы етін әзірлеуге жұмсаймыз. Бүгін дайындық басталады, 8 жылқы сойылып, 40 аспаз жұмылдырылады», - дейді Э.Кулуева.

Бүгін 11 наурызда өтетін іс-шараға Гиннес рекордтар кітабының өкілдері келіп қатысатыны да айтылды.

Айта кетерлігі, 2008 жылы Қытайда тұратын ерлі-зайыпты Болат Бейнелұлы мен Гүлзат Азанбекқызы ұзындығы 100 метр, салмағы 1 тонна болатын қазы жасап шыққан. Ол Гинесс рекордтар кітабына енгізілді. 

Сондай-ақ, кейіннен 2014 жылы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіне қарасты Тарбағатай аймағының Дөрбілжің қазақ ауданында «Қазақ ұлтының дәстүрлі тағамдары» жәрмеңкесінде Гиннестің рекордына ұзындығы - 1 111 метр қазы ұсынылды. Оның салмағы - 4 572 кг. Қазыны жасап шығуға 44 жылқының еті кеткен.

Еске сала кетсек, қазақ дәстүрінде жылқы етінен қазы, шұжық және қарта дайындалады. Олардың өзара айырмашылықтары бар. Қазы - жылқы етінің кәделі мүшелердің бірі. Ол - жылқының қабырғалары мен белдемелерінің етегіне жиналатын аса шұрайлы, майлы ет. Қазы жасау үшін екі бұғана қабырға, екі тілше қабырғадан басқа қабырғалар алынады. Қазыны ішекке тығады. Шұжық жасайтын етті тұздап, бұрыш сеуіп салқын жерге 1-2 күн сақтайды. Шұжық жасауға сан, қол, жон еттерін алады, мойын еті жарамайды. Содан кейін майды да, етті де ұсақтап тұрап, қара бұрыш, сарымсақ қосып, бәрін араластырады. Қарта - жылқы етінің ең кәделі мүшелерінің бірі. Жылқы сойғанда ең алдымен қартаны ішіндегісінен босатып, айналдырады да, салқын суға жуып тазалайды. Қартаны дәміне келтіру үшін тұздайды, бұрыш сеуіп, пияз турап қосады. Қартаны асқан етке қосып береді.

Қазы-қарта, шұжық әр өңірде әр түрлі тәсілдермен дайындалады.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда ішімдікке құмар ата-аналарға сот тәртібімен тыйым салуға болады

Қытай 6G ұялы байланыс стандартын жасау басталғанын жариялады


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть