«Ертіс» ӘӘК» ҰК басшысы пара алып жатқан сәтінде ұсталды - ШҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ертіс» ӘӘК» ҰК басшысы пара алып жатқан сәтінде ұсталды - ШҚО

«Ертіс» ӘӘК» ҰК басшысы пара алып жатқан сәтінде ұсталды - ШҚО

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Ұлттық бюроның Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі

  • 15 Желтоқсан 2015
  • 570
Фото - Caravan.kz

«Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Манарбек Сапарғалиевті пара алу үстінде ұстады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен. 

«2015 жылы 9 желтоқсан күні  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Ұлттық бюроның Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Манарбек Сапарғалиевті делдал арқылы жалпы сомасы 1,2 млн. теңге көлеміндегі кезекті параны алып жатқан жерінде ұстады», — делінген хабарламада.


Ведомствоның мәліметтерінше, аталған тұлға жүйелі түрде ведомствоға бағынышты кәсіпорынның директорынан лауазымынан айырылып қалмауы және оған қызметі жағынан қамқорлық көрсетіп отыруы үшін ақшалай қаражат талап етіп отырған. 
М.Сапарғалиевке қатысты «тұтқындау» бұлтратпау шарасы қолданылды. 
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.