Ғалымдар ақ шаштың неліктен пайда болатынын анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 542.03
  • 627.29
+33 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар ақ шаштың неліктен пайда болатынын анықтады

Ғалымдар ақ шаштың неліктен пайда болатынын анықтады

Ecology ғылыми журналында қызық материал жарық көрді. Мақалада АҚШ ғалымдары ақ шаштың кәріліктен немесе ауру салдарынан пайда болатыны туралы әдеттегі тұжырымды жоққа шығарды.

  • 11 Желтоқсан 2015
  • 579
Фото - Caravan.kz


Керісінше, шашы ағарған адамның дені сау болады екен. Бұл ретте тек жасы 30-дан аспағандар ғана ерте ағарған шашына алаңдаулы болуы керек. Егер ағзада антиоксидантты қасиеті бар глутатион заты көп бөлінсе, шаш ағарады.

Бірақ, мұны көптеп бөлген адам ағзасын қартайған немесе қуатсыз деп айтуға болмайды. Себебі ол глутатионды бөлу арқылы қышқылдану барысын тоқтатады. Ал қышқалданудың артуының өзі қартаюдың белгісі болып табылады, деп жазады planet-today.ru.