Жарияланды: 740

Ғалымдар: жағымсыз жаңалықтар обыр ауруын емдеуге кедергі келтіруі мүмкін

Ғалымдар: жағымсыз жаңалықтар обыр ауруын емдеуге кедергі келтіруі мүмкін

Профессор Фреде Олсен медицина мамандарына науқастарға дертіне қатысты жағымсыз жаңалықтарды көп естіртпеуге кеңес береді.

Өйткені науқастың жағдайы күрт нашарлауы мүмкін. Психологтар мұны «плацебо әсері» деп атайды, деп жазады planet-today.ru.

Ғалым барлық медицина қызметкерлеріне науқастарына тек жағымды жаңалықтарды айтуға, алайда жалған үміт ұялатпауға кеңес береді.

Ғалымдар зерттеу жүргізіп, сәулелі терапия мен химиотерапиядан кейін кері әсерлер: естен айырылу, ауырсыну болуы мүмкін екендігін анықтады. Бұл әсерлер олардың осылай болады деп күтуіне байланысты туындайды. Науқастың жүйке жүйесіне өзі күткен қаупі әсер ететін көрінеді.

Зерттеу көрсеткендей, өз-өзіне сенімді, білікті дәрігерлермен сөйлескен соң науқас өзін жақсы сезінеді екен.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін