Канада ливиялық Ұлттық кеңесті таныған кезекті ел болып отыр
Канада бүгін ливиялық оппозицияны біріктіретін Ұлттық кеңесті ливия халқының заңды өкілі ретінде танығанын жариялады, деп канадалық Си-Би-Си телерадиокорпорациясы мәлімдеді. Тиісті мәлімдемені Канада Сыртқы істер министрі Джон Бэйрд жасады. Канадалық СІМ басшысының мәлімдемесі Ливияда натолық операцияда Канада рөлін арттыру туралы басталған парламенттік дебат аясында жасалды. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін