KASE күндізгі сессиясы: АҚШ долларының құны 313,99 теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE күндізгі сессиясы: АҚШ долларының құны 313,99 теңге

KASE күндізгі сессиясы: АҚШ долларының құны 313,99 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

  • 11 Желтоқсан 2015
  • 422
Фото - Caravan.kz

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша: есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 313,99 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 67 100 мың АҚШ доллары; есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен және теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,5449 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 25 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 312,59 теңгені(+2,17) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі — 205 300 мың USD (+42 800 мың).


Валюталық своп операциялары нарығында: USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +0,6800 тенге (жылдық 26,47%), сауда-саттық көлемі 720 500 мың USD құрады; USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 23 банк қатысты.