Жарияланды: 320

KASE таңертеңгілік сессиясы

KASE таңертеңгілік сессиясы

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен

(EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 25 мүшесі қатысты, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасынан.

Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 309,12 (+1,25 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі 
- 52 600 мың АҚШ долларын (+600 мың USD) құрады.
Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған еуро бағамы бір еуроға 337,50 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 100 мың еуро.
Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеу болған жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша орташа сараланған бағамы бір юаньға 47,6400 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 600 мың юань (+600 мың юань).
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік 
сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін