(EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады.
Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 23 мүшесі қатысты, деп хабарлайды kase.kz..
Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 311,92 (+1,55 тенге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі — 138 200 мың АҚШ долларын (+17 200 мың USD) құрады.
Есептесуі Т+0 теңгемен орташа сараланған еуро бағамы бір еуро үшін 342,30 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі — 200 мың еуро.
Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеу болған жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша сұраным бір юаньға 47,9400 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі — 200 мың юаньді (+200 мың юань) құрады.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.