Жарияланды: 390

Каспий теңізіндегі қоға мен қамыс әлі жанып жатыр

Атырау облысында Каспий теңізіндегі қалың қоға мен қамыс өртеніп жатыр. Салдарынан жақын маңдағы елді-мекендерді көк түтін басқан. Мамандар теңіздегі өрт 17 жерде тұтанған дейді.

Әсіресе, Каспий теңізінің солтүстігіндегі Нива, Линкасса, Мальцев аралдарындағы өрт бой бермей жатыр. Себебі, ол маң тайыз болғандықтан катермен жету мүмін емес. Ал әуеден су шашуға техниканың шамасы жетпеген. Өйткені ұшақ бір мезгілде тек 3 тонна су шаша алады. Бұл – алапат өртке қасықпен су құйғандай дейді құтқарушылар. Теңізден шыққан түтін Атыраумен шекаралас Ресейдің Астрахань облысына да жетіпті. Енді ол жақтың құтқарушылары да қазақ әріптестеріне қол ұшын созып, қажетті техникамен қамтамасыз етпекші. Ал тәртіп сақшылары қасақана өрт қойғандарды іздестіріп жатыр. Әдетте, жергілікті тұрғындар малға азық болар жаңа қамыс шығу үшін ескісін әдейі өртейді екен. 

Сағымбек Өмірзақов, Атырау облыстық ТЖД бастығы:

-Адамның кінәсінан болып отырған өрт бұлар, мына нар қамыстарды өртеп, келесі жылы соның орнына жаңадан бала қамыс шөп шығуына байланысты. Кінәлі адамдарды қазір жергілікті атқарушы органдар, біздің қызметкерлер іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін