Каспийдегі өртті өшіру қиындап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 452.92
  • 484.99
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспийдегі өртті өшіру қиындап кетті

Каспийдегі өртті өшіру қиындап кетті

Атырау облысында Каспийдегі өртті ауыздықтау әлі де мүмкін болмай тұр. Теңіздегі қамыс пен қоға 10 күннен бері жанып жатыр. Мамандар 20-ға жуық өрт ошағының бірін сөндірсе, келесісінің шоғы тұтанып бой бермей жатқанын айтады. Оның үстіне қуаңшылық та құтқарушылардың жұмысын қиындатып жіберген.

  • 9 Қазан 2015
  • 260
Фото - Caravan.kz

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан Нива, Линкасса, Қызөлген аралдарындағы өрт қыркүйектің аяғында басталған. Ол кезде мамандар арнайы техниканың көмегімен жалпы көлемі 4 гектар аумақтағы өртті ғана сөндіре алыпты.

Ахат Ақбалин, Құрманғазы аудандық ТЖБ бастығы:

-Техника жете алмайтын жерге Атыраудан тікұшақ шақырып, екі күнде 70 рейс жасап су шаштық. Тікұшақпен қарағанда мүмкін емес анықтау, айта алмаймыз, өйткені очаг әр жерде болды.

Бықсып жанған қамыс пен қоғаның ащы түтіні Құрманғазы ауданынан әрі асып, шекаралас жатқан Ресейдің ауылдарына да жеткен. Қазір бұл аудандарда көзді жасауратып, қолқаны қабар көк түтіннен дем алу мүмкін емес. Тіпті, қою түтіннен жолдағы қозғалыс та қиындаған.

-Астраханға жаяу кетіп бара жатырмыз. Дым көрінбейді жол.

Өмірбек Танашев, Құрманғазы ауданының тұрғыны:

-Жанып жатқан қоғалардың, құрақтардың  иісі келіп жатыр. Теңізден жел соқса болады, өшпейтін зат сияқты.

Нұрия Жұмабекова, Құрманғазы ауданының тұрғыны:

-Иіс болды, қамыс өртенді, кәдімгі үйлерден иіс шығып тұрды, басымыз ауырды, мұрнымыз бітіп қалды.

Соңғы 1-2 күнде жел бағытының өзгеруіне байланысты жағдай аз да болса жақсарыпты. Қазір полиция қамыстарды қасақана өртегендерді іздеп жатыр. Өйткені бұл маңның тұрғындары мал азығы үшін ескісін жағып, көктемде жаңа құрақтың шығуына осылайша жағдай жасайтын көрінеді. Жұрт қолдан жасалған қайықпен жетіп, өрт қояды. Ал ондай таяз жермен өрт  сөндірушілердің катерлері жүре алмайды екен. 

Соңғы жаңалықтар