Қазақстандықтар қандай азық-түлікті көп тұтынады - статистика - kaz.caravan.kz
  • $ 457.21
  • 534.62
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар қандай азық-түлікті көп тұтынады - статистика

Қазақстандықтар қандай азық-түлікті көп тұтынады - статистика

Негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну бір ай ішінде үй шаруашылығының бір мүшесіне шаққандағы орташа көлем ретінде есептеледі

  • 29 Сәуiр
  • 4
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқы қандай азық-түлікті көп тұтынатыны бойынша мәліметтерді жариялады.

«2025 жылы бұған дейінгі жылмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерінің барлық негізгі тобы бойынша тұтыну көрсеткіші өскен», — деп жазылған хабарламада.

Орта есеппен жан басына шаққанда бір айдағы тұтыну көлемі мынандай:

картоп – 3,8 кг

1-сұрыптағы бидай ұнынан пісірілген нан – 2,4 кг

сиыр еті – 2,1 кг

алма – 1,6 кг

құмшекер – 1,5 кг

күріш – 1,4 кг

шикі сүт – 1,1 литр

айран – 1 литр

жұмыртқа – 17,6 дана

макарон өнімдері – 0,9 кг

жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг

қара шай – 0,1 кг

Негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну бір ай ішінде үй шаруашылығының бір мүшесіне шаққандағы орташа көлем ретінде есептеледі, дейді статистика мамандары.

Көрсеткіштер тұтынылған өнімдердің жалпы көлемін үй шаруашылығы мүшелерінің санына бөлу арқылы анықталады.