Келесі жылдан бастап АИ-80 бензині шығарылмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келесі жылдан бастап АИ-80 бензині шығарылмайды

Келесі жылдан бастап АИ-80 бензині шығарылмайды

Келер жылдан бастап елімізде АИ-80 маркалы бензин шығарылмайды, деп хабарлады 24.kz. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, биыл екінші жартыжы

  • 14 Наурыз 2017
  • 309
Фото - Caravan.kz

Келер жылдан бастап елімізде АИ-80 маркалы бензин шығарылмайды, деп хабарлады 24.kz.

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, биыл екінші жартыжылдықта Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталады. Содан кейін елімізде Еуро-4, Еуро-5 стандарттарына сай жанармай мен дизель отыны шығарылатын болады.

Ал Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары жоспар бойынша жыл соңына дейін бітуі тиіс. Сондай-ақ, министр елдегі жанармай бағасы халықтың орташа табысына қаншалықты сай келетіндігі жөнінде пікір білдірді.

«Мен халықтың орташа табысы мен бензиннің бағасын салыстырып көрген жоқпын. Бірақ Ресейді алып қарасақ, онда АИ-92 маркалы жанармайдың бағасы 180 теңгеден асады. Әрине, Еуропамен салыстырсаңыздар, баға басқаша болады», – деді Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.


Соңғы жаңалықтар