Жарияланды: 8500

"Күйеуім 12 көлік сыйлады", - деп мақтанған медициналық сақтандыру қоры басшысының әйелінің парақшасы ұшты-күйлі жоқ болып кетті

"Күйеуім 12 көлік сыйлады", - деп мақтанған медициналық сақтандыру қоры басшысының әйелінің парақшасы ұшты-күйлі жоқ болып кетті Сурет - Instagram

Әлеуметтік желілерде медициналық сақтандыру қоры басшысы Айбатыр Жұмағұловтың жарының жазбасы талқыланып жатыр.

Белгілі тележүргізуші, медициналық сақтандыру қоры басшысының әйелі Гүбаршын Заирова instagram желісіндегі парақшасында күйеуі 12 көлік сыйлағанын айтып мақтанған болатын.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"12 көлік сыйлады". Желіде медициналық сақтандыру қоры басшысының әйелінің жазбасы талқыға түсті

Көпшілік қауым карантин кезінде бұлай мақтанған журналисті сынға алған болатын. Осыдан кейін Заированың парақшасы инстаграм желісінде ұшты күйлі жоқ болып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандықтар журналист және тележүргізуші Гүлбаршын Заированың Instagram желісіндегі парақшасында күйеуі сыйлаған жаңа он екінші автокөлігімен мақтанғаны туралы жазбасына наразылық білдіріп жатқаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін