Оқиға барысында Уайт Пайн округінің тұрғындары мылтық дауысын естіп, полиция шақырған. Тәртіп сақшылары жеткен кезде кеудесінен жараланып, қансырап жатқан бүлдіршінді көреді. Бірақ ол ауруханаға жеткізілген бойда көз жұмған, деп хабарлайды БАҚ. 8 жасар қызға қарсы қару көтерген 5-сынып оқушысы ауыр қылмыс жасады деп айыпталып, артынша қамауға алынды. Қазіргі уақытта оның психикалық хал-жағдайы зерттелуде.