Латынға өткенде қазақша әуезді жоғалтып алмау керек – Ғарифолла Есім - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Латынға өткенде қазақша әуезді жоғалтып алмау керек – Ғарифолла Есім

Латынға өткенде қазақша әуезді жоғалтып алмау керек – Ғарифолла Есім

Мұндай пікірді кеше Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Келешектің кілті – латын әліпбиі» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында ф.ғ.д, профессор Ғарифолла Есім білдірді.

  • 13 Қазан 2017
  • 446
Фото - Caravan.kz

Шарада латын әліпбиіне көшу мәселелері талқыланды. Оған еліміздің зиялы қауым өкілдері ф.ғ.д., профессор, абайтанушы Ғарифолла Есім,  профессор, Ресей және Қазақстанның халықаралық жоғары мектеп ғылым академияларының академигі Әділ Ахметов, оқушылар, кітапхана қызметкерлері мен журналистер қатысты.

Абайтанушы Ғарифолла Есім латынға көшуді тездетіп, әліпбиді құрастыру кезінде қазақша әуезді жоғалтып алмауымыз керек дегенді айтты.

«Мәдениеттілік деген – жазу. Жазуы жоқ ел мәдениетті ел емес деп те айтамыз. Бұл да – дұрыс шығар. Өйткені, жазу арқылы ойымызды, түсінігімізді білдіреміз. Қазір осы жазбаға қатысты елімізде үлкен саналық өзгеріс болайын деп тұр. Соны дұрыс қабылдап, латынға тезірек көшуіміз керек. Мәселе мынада, латын әліпбиі қазақтың ойлауына, фонетикамызға, әуезге қатысты таңбаларын алуымыз керек. Латынға өткенде өзіміздің қазақша әуезімізді жоғалтып алмауымыз керек», — деді Ғарифолла Есім.

Әділ Ахметов латын әліпбиінің екінші нұсқасыны көзге ұсқынсыз көрініп, кітап бетін шимайлағандай болады дейді. Ол қазақ әліпбиінің латынша нұсқасының бірінші жобасын қолдайды. Диаграфтарды пайдаланған дұрыс деп есептейді.

«Бояушы бояушы дегенге сақалын бояпты» деген бар. Апострофты барлық жерге жазатын болсақ, кітаптың көлемі үлкейеді, көзге де ұсқынсыз көрінеді. Тағы бір нәрсеге тоқталуымыз керек, латын әліпбиінің өзінің ерекшелігі бар. Онда 26 әріп бар. Оның алтауы – дауысты. Сондықтан біз осы ұстанымнан асып кетпеуіміз керек. Қазақтың латын әліпбиінің бірінші нұсқасында 25 таңба бар, екіншісінде 32 таңба. Яғни біз күрделіге кетіп барамыз. Ал, көздегеніміз қысқа, әрі нұсқа әліпби болу керек. Сондықтан, диаграфтардан бас тартудың қажеті жоқ. Ол латын графикасына тән өзгеріс. Басты мәселе – дыбысымызды анық беру», — деді Әділ Ахметов.


Дөңгелек үстелге жиналған оқушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, латынға көшудің маңызын түсінді. Сондай-ақ, бұл бастаманы қолдау мақсатында Ұлттық академиялық кітапхана басшылығы#Biz LatyndyQoldaimyz» атты әдеби байқауын ұйымдастырып отыр.