Ли Кэцян ҚР мен ҚХР-дың өндірістік саладағы әріптестігін ынтымақтастықтың табысты үлгісі деп атады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ли Кэцян ҚР мен ҚХР-дың өндірістік саладағы әріптестігін ынтымақтастықтың табысты үлгісі деп атады

Ли Кэцян ҚР мен ҚХР-дың өндірістік саладағы әріптестігін ынтымақтастықтың табысты үлгісі деп атады

Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының кеңесінің (ҮБК) 14-ші отырысы барысында

  • 15 Желтоқсан 2015
  • 425
Фото - Caravan.kz

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян аймақ елдерінің өндірістік саладағы ынтымақтастығының табысты үлгісі ретінде қазақстандық-қытайлық әріптестікті атады.

«Біз өндірістік қуаттылықтар саласындағы ынтымақтастық тұғырнамасын құруымыз керек. ШЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттер индустрияландыру және жаңғыртудың негізгі кезеңінде болып отыр. Біздің алдымызда инфрақұрылым мен өндірістік қызметті жетілдіру бойынша қауырт міндеттер тұр (…). Қытай өзінің жетілген технологиялары мен жоғары сапалы өндірістік қуаттылықтарын аймақ елдерін дамыту қажеттіліктерімен байланыстырып, бәсекеге қабілетті өндірістік жабдықтар мен мердігерлік қызметтерді ұсынуға дайын. Біз сіздермен бірігіп зауыттар салып, орында өндіріс пен қайта өңдеуді жүзеге асырып және онда жаңа жұмыс орындарын құра алатын едік», — деді ол.

Қытайлық премьер табысты үлгі ретінде қазақстандық-қытайлық әріптестікті атады.


Еске сала кетейік, ШЫҰ ҮБК-де қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов басқарып барды. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер (Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) өкілдерімен қатар үкімет басшылары саммитіне бақылаушы елдер: Ауғанстан, Беларусь (алғаш рет), Үндістан, Иран, Моңғолия, Пәкістан делегациясы шақыртылды.