Жарияланды: 540

Маңғыстау облысында жас әйел төртінші қабаттан секіріп кетті

Маңғыстау облысында жас әйел төртінші қабаттан секіріп кетті

Жаңаөзенде тұрғын үйлердің бірінің жанынан жоғарыдан құлаған белгілермен жас әйелдің мүрдесі табылды. Алдын ала деректер бойынша, жергілікті тұрғын өз-өзіне қол салған.

Қайғылы оқиға «Самал» шағынауданындағы үйлердің бірінің маңында бірнеше күн бұрын орын алған. Әйелдің мүрдесін жолдан өтіп бара жатқан адамдар көріп, «102» телефонына қоңырау шалған, деп хабарлады ЛАДА.kz.

Оқиға орнына шыққан тергеу-жедел тобы оның  «Рахат» шағынауданының тұрғыны екендігін анықтады. Сондай-ақ 32 жастағы әйелдің 4 қабаттан секіріп кеткені белгілі болды. Аталмыш факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жүргізілуде. Тосын әрекеттің барлық мән-жайы анықталу үстінде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін