Мәскеу спортшылардың допинг қолданғанын бейресми мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.42
  • 531.39
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеу спортшылардың допинг қолданғанын бейресми мойындады

Мәскеу спортшылардың допинг қолданғанын бейресми мойындады

Ресей бірінші рет жылдар бойы ресейлік спортшылар - олимпиада чемпиондарының допинг қолданғанын жасырып келгенін мойындады. Бұл туралы New York Times газетінде жарияланған Ресейдің допингке қарсы агенттігі директорының міндетін атқарушы Анна Анцеловичтің сұхбатында айтылады.

  • 28 Желтоқсан 2016
  • 442
Фото - Caravan.kz

Басылымның жазуынша, Анцелович допингті қолдау бағдарламасына Путиннің немесе оның жақын адамдарының қатысы бар деген пікірді жоққа шығарды, деп жазды Азаттық радиосы.

Анцелович Батыста өткен жылдың мамырынан бері пайда болған ақпаратты, әсіресе Мәскеудегі допингке қарсы зертхананың бұрынғы директоры, қазір АҚШ-та тұратын Григорий Родченков спортшыларға допинг берді және Сочи олимпиадасында ресейлік спортшылардың допинг табылған сынамаларын жойған деген пікірді растады. Ол Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері олимпиадаға қатысқан Ресей спортшыларының допинг табылған сынамаларын жасырып, таза сынамалармен алмастырып қойғанын, бұрынғы спорт министрінің орынбасары Юрий Нагорныйдың танымал спортшылардың тыйым салынған препараттарды қолданғанын жасыруға бұйырғанын растады. Ресей бұған дейін мұның барлығын терістеп келген.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) тағайындаған комиссияның басшысы Ричард Макларен Ресей мойындау арқылы WADA-мен байланысын қалпына келтіруге тырысып жатыр дейді. WADA Мәскеуден таяуда жүргізген тексеру қорытындысымен келісуді талап етеді. Келіскен жағдайда ғана Ресейдің допингке қарсы қызметіне допинг тест жүргізуге, ал спорт министрлігіне елде халықаралық жарыстар өткізуге қайта рұқсат берілмек.


New York Times-қа берген сұхбатында Ресейдің жоғары шенді спорт шенеунігі Виталий Смирнов ресейлік спортшылар жасырын түрде допинг қолданбай батыстық спортшылармен бәсекеге түсе алмайтынын айтқан. Оның сөзінше, Батыс елдерінің спортшыларына медициналық тұрғыдан анаболитикалық стероидтерді қабылдауға рұқсат еткен WADA ресейліктердің осыған ұқсас препараттарды ашық қолдануына рұқсат етпес еді.