Мәжіліс отырысында Ұлттық экономика министрлігінің өкілі сөзін толық қазақ тілінде жеткізе алмай, әбігерге түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс отырысында Ұлттық экономика министрлігінің өкілі сөзін толық қазақ тілінде жеткізе алмай, әбігерге түсті

Мәжіліс отырысында Ұлттық экономика министрлігінің өкілі сөзін толық қазақ тілінде жеткізе алмай, әбігерге түсті

Министрлік өкілі жауап беруі барысында сөзін толықтай қазақ тілінде жеткізе алмай, әбден әбігерге түсті.

  • 12 Қаңтар 2023
  • 38
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ZTB порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі мәжілістің жалпы отырысында, депутат Ғани Әбдіғаниұлы, Ұлттық экономика министрлігінің өкіліне, табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасына, сұйытылған газбен жабдықтауға қатысты бірқатар сұрақтар қойды.

Министрлік өкілі жауап беруі барысында сөзін толықтай қазақ тілінде жеткізе алмай, әбден әбігерге түсіп, қипақтап сөзін орыс тіліне бұрмалап алды. Дегенмен орыс тілінде де сөзін әрең жеткізіп отырғанын байқауға болады.

Себебі оның жауабынан кейін, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов, баяндама жасап тұрған экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесіне «Толықтырасыз ба?» деп әзіл-шыны аралас сұрақ қойды.


 

Соңғы жаңалықтар