Медициналық сақтандыру қоры халыққа тегін қызмет көрсеткен ұйымдарға 444 млрд теңге бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Медициналық сақтандыру қоры халыққа тегін қызмет көрсеткен ұйымдарға 444 млрд теңге бөлді

Медициналық сақтандыру қоры халыққа тегін қызмет көрсеткен ұйымдарға 444 млрд теңге бөлді

Медициналық сақтандыру қоры жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 444,6 млрд теңге төледі.

  • 7 Тамыз 2018
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жыл басынан бері Қазақстандағы медицина ұйымдарына 444,6 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді», — деді Қордың басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова.

Оның айтуынша, Медициналық сақтандыру қоры 3 тамызға дейін бұл қаржыны мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қызмет көрсеткен емдеу ұйымдарына аударған.

«Бұл – кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 63 пайызы», — деді Б.Жақселекова.

ТМККК және Медициналық сақтандыру қоры пакеттерінің қаржылық операторы болып саналатын Қор емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 708,6 млрд теңге.

«Жұмыс кестеге сай, медициналық қызмет сапасын бақылаудың жаңа талаптарына сәйкес жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», — деді Ботагөз Жақселекова.


Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген 1352 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 603-і – жекеменшік клиникалар. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 138-ге көбейген. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы өткен жылғыдан 2 есе артып, 102,4 млрд теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар