Медсақтандыру: Алматылықтар 80-ге жуық емхананың бірін таңдай алады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Медсақтандыру: Алматылықтар 80-ге жуық емхананың бірін таңдай алады

Медсақтандыру: Алматылықтар 80-ге жуық емхананың бірін таңдай алады

Алматыда 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында емханаға тіркелу науқаны жүреді. Қала тұрғындары шаһардағы 78 медициналық мекеменің біріне

  • 27 Қыркүйек 2017
  • 229
Фото - Caravan.kz

Алматыда 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында емханаға тіркелу науқаны жүреді. Қала тұрғындары шаһардағы 78 медициналық мекеменің біріне тіркеле алады. Аталған денсаулық сақтау ұйымдарының 31-і — жекеменшік клиникалар, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Науқан кезінде тұрғындар емхана таңдау құқығын пайдалана алады. Ал, медицина ұйымдары әр дәрігерге түсетін жүктеме мен 2018 жылы жан басына шаққанда бөлінетін қаржы көлемін анықтауға мүмкіндік алады. Ол үшін денсаулық сақтау субъектілері осы екі айда өздеріне қанша азаматтың тіркелгенін анықтап алуы тиіс», — дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев.

Филиал басшысының айтуынша, емхана таңдау құқығын пайдаланбаған тұрғындар медициналық ұйымға тұрғылықты жері бойынша автоматты түрде тіркеледі.

Атап өтсек, азаматтар екі түрлі тәсілмен тіркеле алады: жеке куәлігімен емханаға барып жазбаша өтініш жазады немесе электронды үкіметтің egov.kz порталы арқылы тіркеледі. Тіркеу науқаны туралы толық мәліметті Медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтынан алуға болады. Науқанға қатысып жатқан медицина ұйымдарының толық тізімі сайттың «Клиника таңдау» бөлімінде орналасқан.


Естеріңізге сала кетсек, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 7 қыркүйекте денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын қалыптастыру жұмыстарын бастаған болатын. Оған мемлекеттік тапсырыс негізінде халыққа қызмет көрсетуден үміткер 1519 медицина ұйымы өтініш берді. Соның 193-і Алматы қаласында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар