Мемлекет басшысы Алматыда жаңа көлік инфрақұрылымының құрылысы барысымен танысты
![]() |
Бүгін Алматыда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа көлік инфрақұрылымының құрылысы барысымен танысты, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі. |
Елбасы Саин көшесіндегі жол айрығын қарап шықты.
Қазір Саин-Торайғыров көшелерінің қиылысындағы жол айрығында қозғалыстың ұзындығы 660 метрлік бөлігі ашық тоннельден өтеді. Бүгінде тоннельді әрлеу, инженерлік желілер мен монолитті коммуникациялық арналар жасау жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ Жұбанов және Саин көшелерінің қиылысында тоннельдер жасау және эстакада тұрғызу жұмыстары жүріп жатыр. Эстакаданың ұзындығы - шамамен 340 метр, тоннельдің ұзындығы - 1180 метрден астам. Ал Жұбанов көшесі бойында қажетті жол инфрақұрылымдарын ретке келтіру іске асырылуда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін