Мемлекет басшысы University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады

Мемлекет басшысы University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады

Президентке University Medical Center корпоративтік қоры қызметінің нәтижесі мен алдағы жоспары туралы баяндалды.

  • 3 Шiлде 2023
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысына мекеме негізінде алғашқы Интеграцияланған академиялық медициналық орталық құру арқылы UMC-ді трансформациялау барысы туралы мәлімет берілді. Негізгі мақсат – білім беру, зерттеу ісін және клиникалық тәжірибені тоғыстыра отырып, медициналық қызмет сапасын жақсарту.

Юрий Пя Қасым-Жомарт Тоқаевқа заман талабына сай дәрігерлерді даярлау үшін Қордың жүзеге асырып жатқан шаралары туралы айтты. Сондай-ақ еліміздегі медициналық білім беру ісін жетілдіру перспективалары туралы көзқарасын жеткізді.


Кездесу барысында отандық денсаулық сақтау жүйесінің түйткілді мәселелері, соның ішінде қолданыстағы инфрақұрылымды тиімді пайдалану және Қазақстанда медициналық көмек көрсету сапасын арттыру шаралары талқыланды.