Жарияланды: 450

Мереке күндері еліміздің басым аумағында қар жауып, бұрқасындатады

Мереке күндері еліміздің басым аумағында қар жауып, бұрқасындатады

Мереке күндері, 15-17 желтоқсан аралығында еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғады.

Орталығы Монғолияда болған қуатты антициклон ықпалымен демалыс күндері еліміздің көптеген облыстарында жауын-шашынсыз ауа райын сақталды. Әрі, ауа температурасы шеткі оңтүстік аудандардан басқа аймақтарда қалыптыдан 3-9º жоғары болды. Ал оңтүстік аймақтарда температура қалыпты температурадан 1-3º төмен болды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Алдағы тәуліктерде бұл антициклонның әсері сақталады. Бірақ Волга маңында қалыптасқан циклон Қазақстан арқылы солтүстік-шығысқа жылжи бастайды. Соның салдарынан алдымен батыста, содан соң мереке күндері - 16-17 желтоқсанда еліміздің қалған аймақтарында қар жаууы, көктайғақ болып, кей жерлерде желдің 15-25 м/с күшеюі және бұрқасын соғуы күтіледі.

Күндіз ауа температурасы бұрынғыдай 0º шамасында болады, ол осы кезеңге тән орташа көпжылғы мәннен жоғары.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін