Жарияланды: 280

«Мобильді құлдықтан» құтылу үшін өтініштер қабылдануда

Енді кез-келген адам ұялы телефонының нөмірін өзгертпей-ақ, басқа абонентке ауысу мүмкіндігіне ие болып отыр. Ол үшін қазір онлайн өтініш жолдап, 2016 жылдың бірінші жұмыс күнінде өзге оператордың сим-картасын алуға болады.

Аталмыш қызмет тегін түрде көрсетіледі. Бірақ өз талаптары бар. Яғни телефон нөмірі өтініш берген адамның атына тіркеліп, оның байланыс үшін қарызы болмауы тиіс. Ал жаңалық нарықтағы операторлар арасында бәсекені қыздыра түспек. Енді әр клиент үшін талас басталып, түрлі тарифтер мен жеңілдіктер ұсынылады деген болжам бар. Қазіргі таңда абонент нөмірлерінің орталықтандырылған деректер базасы құрылса, ал байланыс операторлары желілерін жаңартқан.

 Алексей Бенц, ұялы байланыс компаниясының бөлім директоры:

- Абоненттер ұялы байланыс операторын әрбір 60 күнде бір рет ауыстыра алады. Ол үшін қосымша ақы алынбайды. Өзіне ыңғайлы деген тарифі бар оператордың сайтына онлайн өтініш жолдап, кейін жеке куәлікті көрсету арқылы жаңа сим-картаны қолыңызға ала аласыз. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін