Наурызбай шейхқа әлі аруақ дегіземіз: Ерлан Төлеутай “Аруақ қолдасын” деген сөзді қолданбауымыз керек деген Бас мүфтиге жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Наурызбай шейхқа әлі аруақ дегіземіз: Ерлан Төлеутай “Аруақ қолдасын” деген сөзді қолданбауымыз керек деген Бас мүфтиге жауап берді

Наурызбай шейхқа әлі аруақ дегіземіз: Ерлан Төлеутай “Аруақ қолдасын” деген сөзді қолданбауымыз керек деген Бас мүфтиге жауап берді

Осыдан бірнеше күн бұрын Бас мүфти Наурызбай Наурызбай қажы Тағанұлы бата бергенде "Аруақ қолдасын, аруақ жебесін" деген сөзді қолданбау керегін айтады. Әрі бата "Фатиха" сүресімен басталуы қажет екенін айтқан болатын.

  • 15 Мамыр 2023
  • 11942
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты дәстүрлі Ерлан Төлеутай бас мүфтиге жауап берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Аруақ қолдасын, аруақ жебесін" деген сөзді қолданбау керек — Бас мүфти

"Кешеден бері "аруақ, аруақ!" деп ұрандасып төрт алтын алдық па! Шіркін, боксшыларымыз қоса ұрандасқанда ғой алты алтын алатын едік. Әзіл ғой) Дегенмен келешекте спортшыларымыздың тілі мен діліне аруақ қайта оралады деп сенемін. Лпйым солай болсын!

Естеріңізде болса, Сиднейде боксшыларымыздың ішінен аруақ шақырып алтын алған ақырғы чемпионымыз Ермахан болған еді. Бұл жылдар уаһабиттердің ықпалының күшейе бастаған тұсы еді. Аз уақта спорттың күрес пен бокс саласын түгелдей дерлік араптандырып үлгерген уаһабиттер аруаққа қарсы майдан ашты. Сөйтіп аз жылда палуандарымыз бен боксшыларымыз таз мұрт, күйек сақал бейнесіндегі сартқа айналып, шыныкөзденіп шыға келді. Байқағаным, бұл жолғы әлем чемпионатында таз мұрт, қаба сақалдар болған жоқ, жігіттеріміздің жүзінен қазақылық һәм жеңіске деген жігерліліктің лебі есіп тұрды. Соған қарағанда спорт саласында діншілдікті ауыздықтайтын жұмыстар жүргізіле бастағандай ма, қалай? Қалай болғанда да, бұл жолғы әлем чемпионатынан осыны аңғарғандай болдық. Тек палуандарымыз бұл оң үрдістен әлі алыс сияқты. Келешекте палуандарымызды арапшылдықтан арылту жұмыстары жүргізіледі деп сенеміз.

Айтпақшы, Бас мүфтидің өткендегі мәлімдемесі Муфтияттың әлі де сәләфилік жолда екенін анық паш етті. Нешеуа, Наурызбай шейхқа әлі аруақ дегіземіз, демесе бас мүфтиліктен қош айтыстырамыз. Наурызбай молданың қазақтың аруағына қарсы шығуын – саудиялықтардың ықпалынындағы мүфтияттың ұстаннымы деп білеміз әрі қатаң айыптаймыз. Бұған билік назар аударуы тиіс һәм қажетті шаралар қолдансын!


Сонымен Ташкентте өткен әлем чемпионатында күрзі жұдырық боксерлеріміз төрт алтын, бір күміс олжалады. Сөз жоқ, тарихи жеңіс! Осы орайда бас бапкер Мырзағали Айтжановтың аз уақтағы ерен еңбегін айтқанымыз жөн. Боксшылардың барлығын әсіресе Асыланбек Шымбергеновті бөле-жара құттықтаймын. Ұзақ жылдар бағы жанбай жүрген талантты боксшымыз еді. Бұл жолы аруақ алқады. Жеңіс құтты болсын, қазағым!", — деп жазды әнші.

Соңғы жаңалықтар