Жарияланды: 200

Нұрсұлтан Назарбаев 1 сағатта 18 зауытты тікелей эфирде іске қосты

Нұрсұлтан Назарбаев 1 сағатта 18 зауытты тікелей эфирде іске қосты. Сөйтіп елімізде тағы 3 мыңнан астам жаңадан жұмыс орны ашылды. Биылғы мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасының қортындысын жасаған президент дағдарыс кезінде адамдардың  жұмыспен қамтылып жатқанын ең үлкен жетістік деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Дәрі-дәрмек өте керек. Бәрін сырттан әкелеміз. Мынау түрік ағайындардың жаңадан салған өндірісі бізге өте қажет. Халықтың денсаулығына жарайтын болсын. Денсаулығын түзететін болсын. Іске қосайық!

Фармацевтикалық зауыттың ашылуымен енді сырттан дәрі-дәрмек сатып алу біртіндеп тоқтатылуы тиіс. Бұдан бөлек, бүгін барлық облыста тамақ, сусынан бастап мұнай-газ-химия, жел станциясы, қосалқы бөлшектер шығаратын зауыттар бірінен соң бірі іске қосылып жатты. Қазбалы байлықтарды сатуға негізделген экономиканы осындай табысты  инновациялық жобалар алмастыруы тиіс. Егер бүгін ашылған өндіріс орындары тоқырамай тұрақты жұмыс істейтін болса, бюджетке 270 миллиард теңге кірісі әкелуі керек. Ал «Қазақстанда жасалған» деген өнімдер жақын арада сатылымға шығарыла бастайды. Осы жерде мемлекет басшысы салтанатты жағдайда тұсауы кесілген зауыттардың тұралап қалмауын  инвестор мен шенеуніктерге мықтап тапсырды. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін