Олимпиадашылар дүниеге келген сәбилерді Олимпиада күнімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 524.58
  • 551.91
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиадашылар дүниеге келген сәбилерді Олимпиада күнімен құттықтады

Олимпиадашылар дүниеге келген сәбилерді Олимпиада күнімен құттықтады

23 маусымда дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсету Ұлттық Олимпиадалық комитетінің дәстүріне айналды. Халықаралық Олимпиада күнінде туылған балақайлар арнайы сертификат пен естелік сыйлықтар, құттықтау хатына ие болады.

  • 23 Маусым 2021
  • 49
Фото - Caravan.kz

Бір жарым мыңға жуық сәлемдеме алдын ала оралып, 237 перзентханаға жіберілді. Олар ірі қалалардан бастап, кіші ауылдарға дейін жеткізіледі, деп хабарлайды Caravan.kz.

«Сені туған күніңмен құттықтаймыз! Бұл күн біз үшін ерекше — бүгін Халықаралық Олимпиада күні. Бүгін Олимпиаданың басты құндылығы саналатын бірліктің, теңдіктің және бір-бірімізге деген құрметтің маңыздылығын ұғынып, еске аламыз.

Сенің болашақта спортшы болатының я болмайтының маңызды емес. Ең маңыздысы, кез келген істе, өмірде спортшы сияқты жеңімпаз болады деп сенеміз. Сен өз салаңда үздік маман бола аласың: үздік дәрігер, инженер, аспасаз немесе ұшқыш. Ең бастысы — арманыңа сеніп, оған адал болу. Олимпиада отбасы саған кез келген салада бағың жанып, үздік болуыңды тілейді! Ақ жол, Олимпиадашы!», — дейді қазақстандық спортшылар сәбилерге.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл акцияға белсенді қатысып, оны Ұлттық Олимпиадалық комитетімен бірге өткізді. Перинаталдық орталықтардың дәрігерлерінің арқасында танымал қазақстандық спортшылар аналарды маңызды күнмен құттықтады. Атап айтқанда, дзюдошы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов, жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев аналарды видеоқоңыраумен құттықтады.

Ал Нұр-Сұлтан қаласында жас аналар, Олимпиада ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері
Гузель Манюрова
мен Лондон Олимпиадасының жүлдегері Марина Вольнова перзентханаларға сыйлықтарды жеткізді.

«Аталған акция Ұлттық Олимпиадалық комитеті үшін дәстүрге айналды. Бұл спорттағы ұрпақ сабақтастығын көрсететін ерекше жоба. Дүние есігін ашқан сәбиге чемпиондардың сәттілік тілеп, өзара қарым-қатынас орнатуы – осы ойды жүзеге асыратындай. Жаңа өмірге қадам басқан әрбір балапан мен біздің чемпиондар арасында жіпсіз байланыстың орнатылғаны анық. Үлкен жеңісер мен чемпиондардың олимпиадалық естеліктері, оқиғалары барлығының мүмкін екендігіне сендіреді. Біздің спортшылар арманына адал адамның балалық арманы шүбәсіз орындалатынына үлгі. Сондай-ақ, балалар қандай жолды таңдаса да дүниеге келген сәттен бастап жақсылық пен бақыт әрдайым жанынан табылады деп шын жүректен тілейді», — деді Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев.

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті бүкіл маусым айын «Біз біргеміз» халықаралық олимпиадалық қозғалысының жаңа ұранымен қазақстандықтардың қозғалыстан ләззат алуы, олимпиадалық қағидаларды зерттеуі және әр түрлі спорт түрлерімен танысуы үшін олимпиадалық құндылықтарға арнады.

Олимпиадалық қозғалыстың басты міндеттерінің бірі — жас ұрпақты спортқа және салауатты өмір салтына баулу. Сондықтан балалар — бұл мерекенің басты және негізгі кейіпкерлері.