Жарияланды: 470

Отандық жүк тасушылардың мүддесін қорғау шарасы басталды

Отандық жүк тасушылардың мүддесін қорғау шарасы басталды

Қазақстанда «Көліктік бақылау - отандық тасымалдаушылардың мүддесін қорғайды!» акциясы басталды.

«Шетелдік тасымалдаушылардың тарапынан болған заңбұзушылықтар 20 пайызға өскен. Олар негізінен рұқсат бланкілерінің болмауы, үшінші бір елден жүк тасымалдау немесе каботажды жүктерді тасымалдау, салмақ габариттері параметрлерінің сақталмауына қатысты. Осыған байланысты ҚР ИДМ Көлік комитеті 2015 жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсаны аралығында «Көліктік бақылау - отандық тасымалдаушылардың мүддесін қорғайды!» акциясын жариялап, оның аясында тасымалдаушылардың жүк тасымалдауға рұқсаттарының бар-жоғын тексеру күшейтіледі», - делінген ҚР ИДМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Халықаралық жолаушылар тасымалы мен жүктерді автокөлікпен тасымалдау туралы үкіметаралық келісім аясында жыл сайын шет мемлекеттердің тиісті органдарымен халықаралық жүк тасымалдауға рұқсат беретін бланкілерді тепе-тең жағдайда алмасу жүзеге асуда.

«Бұл құжаттар шетелдік тасымалдаушыларға халықаралық Келісімдерге сәйкес берілуде. Әрбір ел әріптес-мемлекетке оның аумағы арқылы тасымалданатын жүкке квота белгілейді. Міне осылайша, квота алмаған тасымалдаушы компаниялар шетел аумағынан жүк алып өте алмайды», - деп атап өтті ҚР ИДМ көлік комиеті төрағасының орынбасары Нығымеджан Мақажанов.

Бұл тұрғыда ведомство өкілдері осы шаралар отандық тасымалдаушыларды қолдауға бағытталған қадам екенін алға тартуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін