Жарияланды: 120

Өзбекстанда арнайы қызметтің тағы бір генералы ұсталған

Өзбекстанда арнайы қызметтің тағы бір генералы ұсталған

Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің (14 наурыздан бастап Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі) төраға орынбасары болған 53 жастағы генерал Шухрат Ташпулатовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Азаттық радиосының Өзбек редакциясы (Озодлик) дереккөзінің хабарлауынша, Шухрат Ташпулатов әскери прокуратураның сұрауы бойынша ақпан айында ҰҚҚ төрағасының орынбасары болған Шухрат Гулямов ісіне қатысты ұсталған. Оған қандай айып тағылғаны әзірге белгісіз.

Шухрат Ташпулатов 2017 жылдың шілде айынан бері ҰҚҚ төраға орынбасары әрі Ташкент облыстық басқарма басшысы қызметін атқарған. Ол қызметінен биыл қаңтар айында босатылды.

Қаңтар айында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Сұрхандария облысына барғанында Ұлттық қауіпсіздік қызметін қатаң сынға алып, өткен ғасырдағы 1937 жылғы репрессияға теңеген. Осыдан кейін ҰҚҚ шенеуніктері жаппай жұмыстан шығарылып, тұтқындала бастады.

 

 

Оқи отырыңыз:

Оралда парақор Өзбекстан азаматы ұсталды
Өзбекстан: Тәжікстаннан Қазақстанға бағытталған ірі көлемдегі есірткінің тасымалының жолын кесті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін