Павлодарда «Макаров» тапаншасымен қаруланған ер адам ұсталды
![]() |
Павлодарда полицейлер «Макаров» тапаншасымен қаруланған жас жігітті ұстады, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен. |
Жол-патрульдік қызмет жасағы ер адамды сауда үйлерінің бірінен байқаған. Оны тексеру барысында тапаншаға ұқсас зат және 5 патрон табылып, тәркіленді. Сарапшылар оны «Макаров» маркалы тапанша деп анықтады.
Ұсталған ер адам қамауға алынды, ҚР ҚК 287-бабы бойынша сот алды тергеу жүргізілуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін