Петропавлда 1-сынып оқушысы күрделі математикалық есептерді оңай шешеді (ВИДЕО)
![]() |
Петропавл қаласының 1-сынып оқушысы күрделі математикалық есептерді оп-оңай шеше алады. |
Батырхан Сағандықов миллион, миллиардтарды ойша алып-қосып, сағаттарды секундқа айналдырады, деп жазады 24.kz.
Логикалық тапсырмалардың да жауабын жазбай айтады. Батырхан Сағандықовтың есеп-қисапқа деген қабілеті осыдан басталған. Сағатты секундқа айналдырып жүрген бала кейіннен күрделі сандардың да шешімін табады. 7 жасар бала осындай есептерді ойша шешеді. Көбейту-бөлу амалдарын білмесе де, долларды теңгеге аударады. Жауабын да көп күттірмеді. Бір қызығы, Батырхан берілген тапсырманың шешілу жолын түсіндіре алмады. Ата-анасының айтуынша, бала өзімен өзі санай бастаған. Тіпті 4-сыныптың есептерін шемішкеше шағады.
«Осындай есептерді бір минут болмай шешеді. Жауабын дұрыс тапса да, қалай шығарғанын білмейді. Кейде айтады. Бірақ мен түсінбеймін», - дейді Батырханның анасы Динара Сағандықова.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін