Жарияланды: 330

Петропавлда таксиші әйелді зорлап айуандықпен өлтірген азғын сотталды

Петропавлда такси жүргізетін әйелді зорлап, айуандықпен өлтірген қылмыскерге үкім кесілді. 21 жастағы Мұрат Аннагелдыев енді 18 жылын түрмеде өткізетін болады.

Биыл көктемде болған бұл оқиға бүкіл Қызылжар тұрғындарының жағасын ұстатқан еді. Дәмханадан араққа сылқия тойып шыққан азғын сол жерде пневматикалық қарудан оқ атып, жұртты дүрліктірген. Кейін такси шақырып, қашып кеткен. Шақыртуға келген 28 жастағы Екатерина Воротынцева осы клиентінің қолынан қаза тапты. Қанішер әйелді зорлап, кейін ұрып өлтірген. Артынша тыр жалаңаш денесін далаға лақтырып тастап, көлігін мініп кетіпті. Осы жауыздығы үшін Мұрат Аннагелдыев енді 18 жылын қатаң тәртіптегі түрмеде өтеуі тиіс.

Вера Балдина, марқұмның анасы

-Ол небәрі 21 жаста. Бесіктен белі шықпай жатып, мұндай қылмысқа қалай барады. Әрине 18 жыл деген тым аз. Ертең ол түрмеден шыққанда 40- тағы соқталдай еркек болады. Тағы қылмыс жасамасына кім кепіл?!  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін