Қарағанды облысында 6 айлық нәрестеден вирус анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында 6 айлық нәрестеден вирус анықталды

Қарағанды облысында 6 айлық нәрестеден вирус анықталды

Қарағанды және Қызылорда облыстарында соңғы тіркелген науқастар жайлы мәлімет. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі мәлімдеді.

  • 17 Сәуiр 2020
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облысында тіркелген 3 науқас жайлы.

Науқастардың бірі — Қарағанды қаласындағы 6 айлық бала. Оның ата-анасы жұқтырғандардың қатарында, жұқпалы госпитальда болған. Бала провизорлық госпитальде болды. Екінші науқас — 41 жастағы Қарағанды тұрғыны. Соның ішінде жақын байланыстар бұрын жұқтырылған. Провизорлық госпитальде болды. Үшінші науқас — 19 жастағы Теміртау тұрғыны. Ол да жұқтырғандармен жақын байланыста болған — делінген ақпаратта.

Қызылорда облысында тіркелген 9 науқас жайлы.

Науқастардың барлығы Жаңақорған ауданының тұрғындары. Ауру жұқтырғандардың үшеуі — 30-53 жас аралығындағы әйел адамдар. Алтауы —  ер адам, олардың арасында ең үлкені 83 жаста. 8 адам коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болып жұқтырған. Ал 1 адамның індетті қалай жұқтырғандығы бойынша эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде — делінген хабарламада.


Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып жатыр.

Павлодар облысында анықталған 2 жағдай туралы және Түркістан қаласында тіркелген бір науқас туралы мына жерден білуге болады.

Соңғы жаңалықтар