Жарияланды: 270

Қарағандыда қамауға алынған лауазымды қос полицей кепілдікке ақша беріп бостандыққа шықты

Қарамағындағылардан «жылу» жинауды жолға қойған қарағандылық лауазымды қос полицей кепілдікке ақша беріп, бостандыққа шықты. Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерғабыл Жүкенов пен патрульдік батальон командирі Айтпай Сыздықов өткен аптада ғана ұсталған болатын. Бұл екеуі қызметкерлеріне 3 күнде 55 мың доллар жинатқызыпты.

Ала таяқ ұстанған жеке құрам инспекторларының шыдамдары таусылып, бастықтарының үстінен ұжымдық арыз түсірген еді. Құлқындары кең қос полицей бірден қамауға алынғанымен бүгін кепілдікке ақша беріп, тергеу аяқталғанша бостандықта жіберілді. Екеуі де ішкі істер органдарында талай жыл қызмет атқарғанымен, ешбірінің атында жетіскен дүние-мүлік жоқ. Ерғабыл Жүкеновтың Астанада жалғыз пәтері бар екен. Бірақ оның өзі кепілде тұр. Ал Айтпай Сыздықовтың меншігінде жер үй мен гаражы ғана тіркеліпті. Қазір алаяқтық бабы бойынша сот алды тергеу жүріп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін