Қарағандыдағы қазақ-түрік лицейіндегі төбелес салдарынан 15 жасөспірім зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыдағы қазақ-түрік лицейіндегі төбелес салдарынан 15 жасөспірім зардап шекті

Қарағандыдағы қазақ-түрік лицейіндегі төбелес салдарынан 15 жасөспірім зардап шекті

Қарағандыда қазақ-түрік лицейінде болған жаппай төбелеске байланысты қызметтік тергеу жүргізілуде, деп хабарлады облыстық білім беру басқармасынан.

  • 6 Қазан 2015
  • 549
Фото - Caravan.kz

«№ 1 қазақ-түрік лицейінде тәрбиеленушілер арасында жанжал туындап, ның соңы төбелеске ұласты. Алдын ала мәліметтер бойынша, 15 оқушы зардап шеккен. Қазіргі уақытта білім басқармасының бастамасымен қызметтік тергеу жүргізіліп, оның қорытындылары бойынша қызметтен босатуға дейін болатын қатаң шаралар қолданылады. Лицей директоры тергеу кезеңінде жұмыстан шектетілді», — деп берді түсініктемені Қарағанды облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Бақтыгүл Әдекенова.

Оның айтуынша, төбелескен балалардың ата-аналарымен кездесу өткізілді. «Олардың бір бөлігі балаларының білім мекемесінен шығарылуы мүмкін екендігінен қорқып, татуласуды ұсынды. Алайда ұйым қабырғасында осындай фактілерге жол берілмейді. Ата-аналарға құқық қорғау органдарына шағымдануға кеңес етілді», — деді білім беру басқармасының қызметкері.


Ол облыс мектептерінде оқушылардың арасында алдын алу мақсаттарда жасырын сауалнама жүргізілетіндігін айта кетті.