Жарияланды: 760

«Қатерлі ісік қаншалықты қауіпті?» - республикалық басылымдарға шолу

Бүгінгі таңда дүниежүзінде өкпеге тән онкологиялық қатерлі ісік ауруларының біріне жататын өкпенің қатерлі ісігі өршіп тұрғаны әлемді алаңдатып отыр. Науқастар саны жыл сайын артқаны да жасырын емес. Бұл ауру біздің елімізде де белең алып тұр. Қазір елімізде онкологиялық аурулар саны көбейгенімен, оны емдеу жолдары да табылып жатыр. Алайда кей жағдайда дертке медицинаның шамасы жетпейтіні де шындық. Солардың алдыңғы қатарында өкпе қатерлі ісігі

тұрғанын біреу білсе, біреу білмейді. Демек, аурудың белгілері мен себебін біліп жүргеннің еш айыбы жоқ. Олай болса «Айқын» газетінің бүгінгі санындағы «Қатерлі ісік қаншалықты қауіпті?» деген мақалаға көз жүгіртіңіз. Жағдайдың қандай деңгейде және қалай өрбіп бара жатқанын түсінгендіктен шығар, таяуда Үкіметтің алқалы мәжілісінде елдегі азық-түлік бағасының өсу себебі және оны ауыздықтау, инфляциямен күрес, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының төмендемеуі төңірегінде әңгіме қозғалды. Осы алқалы жиында Ауыл шаруашылығы министрі «қысқы және көктемгі азық-түлік бағаларының өсіміне негізгі себеп - оларды сақтайтын қоймалардың жоқтығы. Сондықтан да Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты қоймаларды осы мақсатта пайдалану керек» деген ұсыныс жасады. Осыған орай «Айқын» газетінде «Божконың қоймасымен іс бітпейді» деген тақырыппен мақала жарияланды. «Біз, тіпті аталған қоймалар осы мақсатқа пайдалануға берілсе де шешілуге тиісті түйінді тарқата алмайды-ау деп ойлаймыз», - деп жазады басылым. Оның себебін білгіңіз келсе, басылымның бүгінгі нөмірін оқыңыз. *** «Кешегі Мәжілістің дәстүрлі жиынында «Парламенттің пәрменділігі» мәселесі тағы бір мәрте қозғалды. Өткен жолы «тарқасақ - тарқайық» деген ұсынысты көлденең тартқан депутат Ирак Елекеев бұл жолы өз ұстанымын тереңдетіп, Мәжілістің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресін жандандыру үшін теріскейдегі екі облыстың әкімін Парламентке шақырту туралы мәселе көтерген. әріптестері мұны қолдамады», - деп жазады «Алаш айнасы» бейсенбілік санындағы «Елекеев кейбір әріптестері секілді «ауыз жауып» отыра алмайтынын айтты» деген мақаласында. Басылымның атап өтуінше, халық қалаулысының бұндай ұсыныс жасауына аталған облыстардағы бірқатар лауазымды қызметкерлердің жемқорлыққа ұрынып, қызметінен босатылуы түрткі болған. 3 маусымда Еуропа құрлығында доп додасының көрігі қызады. Қазақстан құрамасы өз алаңында Әзірбайжанды қонақ етеді. Осы жайт арқау болған мақала «Алаш айнасы» газетінде «Әзірбайжанды жеңіуге әзірміз бе?» деген тақырыппен берілген. Басылымның атап өтуінше, ағымдағы жылы еліміздің құрамасы 5 ойын өткізеді. Яғни Түркия, Әзірбайжан, Бельгия, Австрия құрамаларымен тартысқа түседі. «Осы ойындардың ішінде біздің ұпай алу мүмкіндігіміз қандай? Ашығын айтсақ, тек Әзірбайжанмен өткізетін екі кездесуде ғана қоржынды томпайтуға болатын секілді», - дейді басылым. *** Соңғы күндері елордалықтардың арасында «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығы ғимаратының кейбір жерлері дұрыс салынбағандықтан және қабырғаларының сөгілуіне байланысты жөндеуге жабылады деген гу-гу сөз тараған болатын. Тіпті кейбір ұзынқұлақтан жеткен ақпараттар қазіргі уақытта ғимаратың іші босатылып жатыр деп те соққан еді. Осы түйткілді жайтқа аталған орталықтың атқарушы директоры Қайрат Саудабай нақты жауабын беріп, кешеннің жабылмайтындығын, қайта бос тұрған сауда орындарында әлемдік маркалардың нүктелерін ашуға ниеттеніп жатқандығын жеткізіпті. Бұл жайында «Астана ақшамы» газетінің бүгінгі нөмірінде жазылған. *** «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдинді қабылдады», - деп жазады «Казахстанская правда» газеті. Басылымның атап өтуінше, Қ.Қабылдин компанияның 2010 жылғы жұмысының қорытындылары туралы, 2011 жылға арналған жоспары және 2020 жылға дейінгі даму келешегі жайлы баяндап берді. «Компанияның табысы 2010 жылы 305 миллиард теңгені құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артық. Бюджетке 413 миллиард теңге салықтық төлемдер төленді. Біз ұлттық компания ретінде әлеуметтік жауапкершілік алдық. Өткен жылы біздің тарапымыздан әлеуметтік жобаларды дамытуға 200 миллион АҚШ доллары бөлінді», - деп атап өткен Қ.Қабылдин.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть