Жарияланды: 1600

Қазақстан БҰҰ Адами даму индексі рейтингінде 14 сатыға көтерілді

Қазақстан БҰҰ Адами даму индексі рейтингінде 14 сатыға көтерілді

Біріккен Ұлттар Ұйымы адами даму индексі (Human Development INDEX) бойынша есеппен адами даму (Human Development Report) туралы кезекті баяндамасын жариялады, деп хабарлады ҚР СІМ.

Эфиопия астанасы Аддис-Абебада көпшілікке ұсынылған Жаңа баяндамаға сәйкес Қазақстанның рейтингі 56 орынға дейін 14 сатыға көтерілді.

Адами даму индексі өмір сүру деңгейін, сауаттылықты, білімділікті және адами әлеуеттің негізгі критерийлері ретінде өмір ұзақтығын еларалық салыстыру мақсатында жыл сайынғы негізде есептеледі.  АДИ есебі кезінде көрсеткіштің 3 түрі есептеледі:

1. Күтілетін өмір ұзақтығы -  ұзақ өмір сүру бағаланады.

2. Ел халқының сауаттылық деңгейі (білім алуға жұмсалған жылдардың орташа деңгейі) және  күтілетін білім алу ұзақтығы.

3. АҚШ долларын сатып алу қабілеттілігінің басымдығы бойынша жан басына шаққанда жалпы ұлттық табыс арқылы бағаланған өмір деңгейі.

Баяндамаға сәйкес, Қазақстан адами дамудың жоғары деңгейі  белгіленген елдер тобына кіреді және 2015 жылы осы көрсеткіш бойынша 56-шы орынды иеленді (2014 жылмен салыстырғанда, 14 тармаққа). Адами даму индексі 0.788 ( 2014 ж. - 0.757);    өмір ұзақтығы көрсеткіші - 69.4  жыл  (2014 ж. - 66.5 жыл);   білім алуға жұмсалған жылдардың орташа мөлшері - 11.4 жылды (2014 ж. - 10.4 жыл); ал күтілетін білім алу ұзақтығының көрсеткіші өзгеріссіз,    15  жылды құрады. Халықтың жан басына шаққанда  жалпы ұлттық табыс  20,876 долл. (19,441 долл. 2014 ж.) жетті.

null

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін