Жарияланды: 370

Қазақстан - Еуропалық одақ Ынтымақтастық комитетінің кезекті 12-ші отырысы өтеді

14-16 қарашада Брюссельде Қазақстан - Еуропалық одақ Ынтымақтастық комитетінің кезекті 12-ші отырысы өтеді.

Бұл жайында Астанада өткен дәстүрлі апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті. «Осы отырысқа қатысатын қазақстандық бірқатар мүдделі министрліктер мен ведомстволар өкілдерінен құралған делегацияға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков басшылық етеді»,-деді ресми өкіл. Қазақстан Республикасының Еуропалық одақпен стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту саясаты шеңберінде екіжақты және көпжақты ынтымақтастық, сонымен қоса халықаралық күнтәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін