Қазақстан мен Германия екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады
![]() |
Германияға жұмыс сапары аясында Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков «Германия - Орталық Азия» парламенттік тобының төрағасы, |
Бундестаг депутаты Манфред Грундпен, және өзінің әріптесі, Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері жөніндегі уәкілі Андреас Пешкемен екіжақты қарым-қатынастар мен халықаралық мәселелер бойынша өзекті сұрақтарды талқылады.
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазақстандық дипломат ү.ж. 28 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамлеясының 70-ші мерейтойлық сессиясы шеңберінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтылған сыртқы саяси бастамалары, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының және еліміздің дамуының басқа да тиісті аспектілерінің негізгі ережелері туралы неміс тарапын хабардар етті.
Сонымен қатар, Қазақстанды 2017-2018 жылдардағы БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне ілгерілету және Қазақстанның ДСҰ кіруі аясында екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін дамыту, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңыздылығын атап өтті.
Тараптар 2012 жылы Германияға жасаған Елбасының сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді іске асырудағы өзара табысты әрекеттерді белгіледі, атап айтқанда, шикізат, технологиялық және өндірістік салалардағы серіктестіктің баяндылығы, сондай-ақ Қазақстанда дуалды білім берудің неміс моделін енгізу.
Келіссөздер барысында Қазақстанда тұратын және Қазақстаннан Германияға көшкен екі ел арасындағы «тірі көпір» болып табылатын этникалық немістердің рөлі ерекше аталды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы азаматтары үшін ЕО визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздерді жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.
Неміс тарапы, өз кезегінде, БҰҰ реформалау үдерісі шеңберінде ҚР сыртқы саяси бастамаларының маңыздылығын атап өтіп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына жоғары баға берді. Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы атап өтіп, алдағы көрмеге Германияның ұлттық үйлестірушісі (комиссары) тағайындау туралы баяндалды.
Жалпы алғанда, кездесу нәтижесінде екіжақты қатынастардың барлық кешені бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен нығайту бойынша Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы негізгі әріптесі болып отырғаны, сондай-ақ тараптардың халықаралық күн тәртібіндегі қарқынды дамуына өзара қызығушылығы бар екені анықталды.

Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін