Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барады

Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барады

2016 жылдың соңында немесе 2017 жылдың басында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан еліне мемлекеттік сапармен барады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қырғызстан Республикасының СІМ басшысы Эрлан Абдылдаевпен болған кездесуінде мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

  • 17 Қазан 2016
  • 701
Фото - Caravan.kz

«Таңертең бізде Мемлекет басшысымен мазмұнды кездесу өтті. Нұрсұлтан Назарбаев менің қырғыз әріптесімнің екіжақты қарым-қатынастар, даму болашағы, аймақтық жағдайдың даму көзқарастары жайындағы пікірін тыңдады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қырғызстан қарым-қатынастары өзгелерге үлгі болуы тиіс екендігін атап өтті және екі елдің саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық, жастар саясаты бағытындағы байланыстардың кешенді бағдарламасын жасақтау қажеттігін айтты, — деді Е. Ыдырысов. — Біз Мемлекет басшысының Қырғызстанға сапарын талқыладық. Екі мемлекеттің жоғары мемлекеттік кеңесінің кезекті отырысын өткізу үшін Қазақстан Президентінің Қырғызстанға мемлекеттік сапарын ұйымдастырудың ыңғайлы уақытын іздейміз. Мемлекет басшысы атап өткеніндей, ең бастысы сапарды сапалы мазмұнмен қамту қажет».

Өз кезегінде Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев екі тарап Қазақстан Президентінің Қырғызстанға мемлекеттік сапарын сапалы ұйымдастыруға үлкен күш салатындығын мәлім етті.


«Біз Қазақстан Президенті Назарбаевтың мемлекеттік сапары болады деп жоспарлап отырмыз және оны дайындауға белсенді күш саламыз. Меніңше, сапар жыл соңына дейін немесе келесі жылдың бірінші тоқсанында өтеді. Жоғары мемлекетаралық кеңес отырысында өте маңызды тақырыптармен толы болады. Атап айтқанда, шекараны демаркациялау мен режимін анықтау, сонымен қатар біздің елдердің арасындағы қарым-қатынастардың кешенді бағдарламасын талқылау. Нұрсұлтан Әбішұлы екі елдерді барлық салада жақындастыра түсетін бағдарламаны қолдады», — деді Қырғызстанның СІМ басшысы. 

Соңғы жаңалықтар