Қазақстан шетелдік инвесторлармен бірлесіп 120 жаңа жобаны іске асырады – Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан шетелдік инвесторлармен бірлесіп 120 жаңа жобаны іске асырады – Назарбаев

Қазақстан шетелдік инвесторлармен бірлесіп 120 жаңа жобаны іске асырады – Назарбаев

Қазақстан шетелдік инвесторлармен бірлесіп жалпы құны 40 млрд доллар болатын 120 жаңа жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

  • 11 Желтоқсан 2015
  • 535
Фото - Caravan.kz


«Биылғы жылдың бірінші жартысында Қазақстан 7,5 млрд доллар көлемінде инвестиция тартты. Жылдың соңында бұл көрсеткіш екі есе артады деп үміттенемін. (…) Бүгінгі таңда жалпы құны 40 млрд долларға жуықтайтын 120 жаңа жоба пысықталып жатыр. Біз тек жұмыс істеп, осыны игеруіміз керек», — деді ол жұмадағы телекөпір барысында.
«Дағдарысқа қарамастан көптеген шетелдік компаниялар біздің еліміздегі өндіріс аумағын кеңейтіп жатыр», — деп қосты елбасы.