Жарияланды: 620

Қазақстанда қазақ тілінде балаларға арналған web-сайт құрылды

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) мен президенттің мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі қоры балаларға арналған қазақ тіліндегі balbulaq.kz web-сайтын құрып, ашты.

«Бұл web-сайт 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес және Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған шаралар аясында жасалды», - деп хабарлайды сейсенбі күні ҚМГ-ның баспасөз қызметі. Компанияның ақпаратына сәйкес, портал 6-10 жас аралығындағы балаларға арналған. Сайтта бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу-әдістемелік материалдарды, халық ертегілерін, аңыздары мен мифтерін, мультфильмдерді, басқа да ақпараттық-танымдық материалдар орналастыру жоспарланып отыр. «Бүгінгі күні Қазнетте балалардың дамуына ықпал ететін, оқытатын қазақ тіліндегі арнайы сайт жоқ... Біздің бастамамыз жалғасын тауып, balbulaq.kz-нің тұрақты пайдаланушылары пайда болады деп үміттенеміз», - деп атап өтті қазақ журналистерінің «Назар» қоғамдық қорының президенті Мірсаид Байтілес, оның сөздері ақпаратта келтіріліп отыр. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның мұнай-газ саласында мемлекеттің мүдделеріне өкілеттік ететін, көмірсутекті барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау бойынша ұлттық оператор. «ҚМГ» АҚ акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘқ» АҚ-на тиесілі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін