Жарияланды: 1500

Қазақстандық үш балуан жол апатынан қайтыс болды

Қазақстандық үш балуан жол апатынан қайтыс болды

Қазақстандық үш балуан жол апатына түсіп көз жұмды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жол апаты 3 тамызда Жамбыл облысындағы тасжолда болған. Жақсыбек Қарабалаев және Байбазар Жанбота апат болған жерде, сондай-ақ ауыр халде ауруханаға түскен Ілияс Жұмай бүгін қайтыс болған.

"Бұл қаралы хабар қабырғамызды кайыстырды... Бейбіт заманда жас, болашағынан үміт күттіретiн балуандарымыздан айырылып қаламыз деп кiм ойлаған... Еркiн күрес балуандары Жақсыбек Карабалаев, Iльяс Жұмай, Жанбота Байбазар жол апатынан қайтыс болды.

Нақтырақ айтсақ, күнi кеше бір топ (бес бала) еркін күрес балуандары жол апатына түсiп, Жақсыбек Карабалаев пен Жанбота Байбазар оқиға үстінде көз жұмды. Ал ауыр халде ауруханаға түскен Ильяс Жұмай бүгін қайтыс болды деген тағы бiр суық хабар жетті. Ал Заутбек Нұрдәулет пен Мұхаметкалиев Шыңғысхан өмiрi үшін күресiп жатыр. Алла тағала оларға шипа, күш-қуат берсін. Дұғада болайық.

Балуандарымыздың мезгілсiз дүниеден өтуiне байланысты еліміздiң барша күрес жанкүйерлерiне, марқұм болған балалардың отбасына, туған-туыстарына, жора-жолдастарына қайғырып көңіл айтамыз.

Жандарыңыз жаннатта болсын!!!", -  деп жазды Қазақстанның күрес федерациясы Instagram парақшасында. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Kazakhstan_wrestling (@kazakhstan__wrestling) on

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін