Қазақстандықтар 2016 жылы ұялы байланыс операторын өз нөмірін сақтай отырып таңдау мүмкіндігіне ие болады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар 2016 жылы ұялы байланыс операторын өз нөмірін сақтай отырып таңдау мүмкіндігіне ие болады

Қазақстандықтар 2016 жылы ұялы байланыс операторын өз нөмірін сақтай отырып таңдау мүмкіндігіне ие болады

MNP қызметі Қазақстанда 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылады.

  • 8 Қазан 2015
  • 551
Фото - Caravan.kz


ҚР Мәжілісінің екінші оқылымында мақұлданған «Ақпараттандыру мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасына тиісті норма бекітілді, деп хабарлайды ҚР ИДМ БААК баспасөз қызметінен. 

Ведомствоның хабарлауныша, (MNP) абоненттік нөмірлерін ауыстыру қызметін жіберу абоненттерге өз нөмірін сақтай отырып ұялы байланыс операторын өздігінен таңдауға мүмкіндік береді. Жаңа енгізілім қызмет етіп жатқан операторлардың бәсекелестік күресін күшейтуге, абоненттердің қосымша SIM-карталардан бас тартуға және ұялы байланыс қызметінің құнының төмендеуіне ықпал етеді. Қазір ҚР ИДМ байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетімен абонент нөмірлерінің орталықтандырылған деректер базасы (АНОДБ) құрылды, ал байланыс операторлары өз желілерін жаңартып, тестілеуді жүзеге асыруда.
Байланыс қызметін көрсетуге уәкілетті орган тарапынан бақылауды күшейту мәселелеріне жеке көңіл бөлінеді. Сонымен, абоненттерге қызмет көрсеткенде байланыс сапасының көрсетілген параметрлерін сақтамағаны, қызмет көрсету туралы шарт жасалмаған абоенттік нөмірлерге қызмет жасағаны, ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірлерді ауыстыруды қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындамағаны және радиожиілік спектрларды және тб. қолдануға рұқсаттамаларда көрсетілген елді мекендерді және аумақтарды байланыс қызметімен қамтамасыз ету үшін жауапкершілік анықталған.
Бұдан басқа, «Ақпараттандыру туралы» заң жобасы Қазақстан азаматтарының ақпараттары мен дербес деректерін қорғау бойынша меморгандардың ақпараттық қауіпсіздік шараларының мәселелерін реттейді. Сонымен, алғаш рет «ақпараттық инфрақұрылымның сыни маңызды объектілері» түсінігі енгізілді. Ол әлеуметтік және (немесе) техногендік сипатттағы төтенше жағдайларға немесе қорғаныстың, қауіпсіздіктің, халықаралық қатынастардың, экономиканың, жеке шаруашылық салаларының, елдің инфрақұрылымының немесе халықтың тіршілік әрекетінің біршама жағымсыз салдарларына әкелетін ақпараттандырудың неғұрлым маңызды объектілерін анықтайды.
Сондай-ақ барлық мемлекеттік ақпараттық ресурстары мен жүйелері, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыни маңызды нысандары сәйкес болуы керек ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін АКТ саласының бірыңғай стандарттары әзірленді.