Жарияланды: 2200

Қазақстаннан Ресей мен Түркияға қатынайтын ұшақ рейстері көбейеді

Қазақстаннан Ресей мен Түркияға қатынайтын ұшақ рейстері көбейеді

Ұшақ рейстері санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес және әуекомпаниялардың сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлады. 

 Қазақстан Ресеймен тұрақты жолаушылар рейстерінің апталық санын әр тарап үшін аптасына үшке дейін көбейтуге ниетті.

"Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 28 қаңтардағы шешіміне сәйкес, Ресеймен тұрақты жолаушылар рейстерінің санын әр тарап үшін аптасына бір рейстен үш рейске дейін, ал Анталия – Алматы бағыты бойынша аптасына бір рейске көбейтуге рұқсат етіледі", – деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты ұшақ қатынасы көбейгеннен кейін, Ресей тарапының келісімі бойынша әр тарапта аптасына үш рейс: Нұр-Сұлтан – Мәскеу (аптасына екі рейс) және Алматы – Мәскеу (бір рейс) бағытында қатынайтын болады.

Айта кетейік, рейстер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес және әуекомпаниялардың сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.



 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін