Қазақстанның бірқатар облыстарында тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады - 10 қарашаға арналған ауа райы болжамы
![]() |
Қазақстанның көптеген аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталуда, бірқатар аймақтарда жауын-шашын жауып, жел күшейеді. |
Қазақстанның оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтілуде, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, Шығыс Қазақстан облысында күндіз бұрқасын болады.
Атырау облысының бірқатар аймақтарына тұман түседі.
Жамбыл облысында түнде кейбір жерлерде тұман түсіп, 15-20 м/с дейін жылдамдықпен жел соғуы ықтимал.
Ақтөбе, Қостанай облыстарында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, Қостанай облысында күндіз кейбір жерлерде көктайғақ болады.
Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, бірқатар аймақтарда көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.
Алматы облысында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 20-25 м/с дейін, екпіні 30 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, түнде желдің күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. Қарағанды облысының кейбір жерлерінде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Жақын үш тәулікте Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық және шығыс облыстарының суларында мұз қатады, соған байланысты жекелеген өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Республиканың қалған аумағындағы өзендерде су бетінің салқындауы байқалады. Оңтүстік Қазақстан облысының таулы өзендерінде жауын-шашынға байланысты су деңгейі көтерілуі ықтимал.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін