ҚР Президенті Атырау облысындағы жеңіл өнеркәсіп өндірісін іске қосуға рұқсат берді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.57
  • 612.78
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенті Атырау облысындағы жеңіл өнеркәсіп өндірісін іске қосуға рұқсат берді

ҚР Президенті Атырау облысындағы жеңіл өнеркәсіп өндірісін іске қосуға рұқсат берді

Бүгін «Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» атты жалпыұлттық телекөпір барысында

  • 11 Желтоқсан 2015
  • 957
Фото - Caravan.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысындағы «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС жүн өнімдері өндірісін іске қосуға рұқсат  берді.

«Caspiy Lana Atyrau»  ЖШС директоры   Назгүл Есмақанованың сөзіне қарағанда,  фабрикада жылына 100 тонна түйе жүнін және 350 тонна қой жүнін өңдеу мүмкіндігі бар. Өндірілген жүннен 400 мың метр дайын өнім шығарылатын болады.

«Біздің өнімдерге тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де сұраныс бар. Қазірдің өзінде италиялық Whiteblack Di Luca Mattia Bezzi компаниясымен фабриканың дайын өнімдерін өткізу жөнінде келісім-шарт жасалған.   Осындай кешен өңірде алғаш рет іске асырылуда. Фабриканың өнімдері ішкі нарықты жоғары сапалы және қолжетімді тауарлармен қамтамасыз етіп, өңірлік жеңіл өнеркәсіптің дамуына зор үлес қосады», — деді ол.

Атыраудағы  жүн өнімдерінің алғашқы өндірісі түйе және қой жүнін бастапқы өңдеуден дайын тоқыма  өнімдеріне дейін жеткізетін  бірегей жоба.  Ішкі нарық қажеттілігін өтейтін өнімдердің сапасы өте жоғары. Жүннен тоқылған бұйымдар табиғи таза, жайлы және жеңіл. Өндіріс мал жүнін кәдеге  жаратып қана қоймай,  өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын  жақсартады.


Мемлекет басшысы өз сөзінде осындай өндіріс өте қажет екенін атап өтті. Осы орайда Атырау облысында жеңіл өнеркәсіпті дамыту жұмыстарын жалғастыруға тапсырды.