Жарияланды: 720

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ақын Ауыт Мұқибек арнау өлеңін жолдады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ақын Ауыт Мұқибек арнау өлеңін жолдады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ақын Ауыт Мұқибек «Сен қазақша сөйледің...» деген арнау өлеңін жолдады,

деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен. 

Автор өлеңіне Елбасының БҰҰ Бас ассамблеясы мінберінде мемлекеттік тілде сөйлегенін арқау еткен. Ол әлем елдері бас қосқан алқалы жиында Нұрсұлтан Назарбаевтың аса маңызды ұсыныстары мен ой-тұжырымдарын қазақ тілінде жариялап, халқымыздың мәртебесін биіктеткеніне сүйсінеді. Сондай-ақ ақын Қазақстан Президентінің осы арқылы барша қазақстандықтарға үлгі-өнеге көрсеткенін айтқан.
«Ана тілдің жетпесек қадіріне, Қазақ болып қайтеміз күн кешіріп», - деп толғанған А.Мұхибек осылайша Мемлекет басшысының қазақ тіліне деген айрықша құрметін айшықтаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін