Жарияланды: 210

Қымбат көлігімен бала қағып өлтірген келіншектің үкімін сот өзгеріссіз қалдырды

Алматы соты көлігімен балабақша қоршауын қиратып, бүлдіршіндерді таптап өткен әйелге қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сот 46 жастағы Татьяна Семченконың апелляциялық шағымын қанағаттандырған жоқ.

Сотталушы үкім шыққаннан кейін оны шартты жазаға ауыстыруды сұрап, шағым түсірген. Естеріңізге салсақ, апатқа себеп болған Семченко 2 жарым жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Қазір ол жазасын қоныс колониясында өтеп жатыр. Ал тәркіленген мүліктері қайтарылып, үкім бойынша 132 мың теңге айыппұл төлеген. Жүргізуші әйел тежегіш пен газды шатастырып, балабақшада қаннен-қаперсіз ойнап жүрген бүлдіршіндерді қағып өткен еді. Қайғылы оқиғадан 5 жасар қыз қаза тауып, 9 бүлдіршін ауыр жарақат алған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін